Қоғам 28.07.2018 сағат 06:17

"9 мың теңгемен қалай өмір сүруге болады?": Түркістан облысында көпбалалы отбасы жәрдемақы ала алмай отыр

46 жастағы Жібек Тұрабекованың 6 баласы бар. Түркістан облысындағы ауылдың бірінде тұратын отбасы 9 мың теңге жәрдемақымен өмір сүріп отыр деп жазады Newtimes.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Алты бала үшін мен айына 9 мың теңге ғана аламын. Бұл ақшаға қалай өмір сүруге болады? Күйеуім электрик болып жұмыс істейді. Айлығы - 55 мың теңге ғана. Оның 20 мың теңгесін үйдің несиесіне береміз. Ол отбасына нәпақа табу үшін ауылдан ауданға қатынап жұмыс істейді", - дейді көпбалалы ана.

Балаларының үлкені 12 жаста, ал кішісі 1 жарым жаста екен. Жібектің айтуынша, ол алты баласына жәрдемақы алу үшін "Өрлеу" бағдарламасына құжат тапсырған. Алайда, жәрдемақы әлі де толық төлемей келеді дейді.

Балаларға кейде азық-түлік, киім-кешектерді көршілері беріп тұрады екен.

"Өрлеу" жобасы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға құрылған жоба. Ол Қазақстанның әр аймағында жұмыс істейді.

Дереккөз мәліметінше, осы жылы жобаға 122,9 мың адам қатысқан. Ол өткен жылмен салыстырғанда 5,3 есе көп екені анықталды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар