Астанада автобустардың бірінде баланы киімшең мойнына отырғызып алған ер адамның видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен.
Бейнежазбада ер адамның мас екенін аңғаруға болады. Оның мойнында тырдай жалаңаш кішкентай бала отыр. Атасы немересін далаға қыдыртып алып шыққан болу керек. Автобустағылар ер адамға ұрсып, одан баланы неге киімсіз алып шыққанын сұрайды.
Видео авторының айтуынша, оқиға Астанадағы 44 автобуста болған.
Желі қолданушылары баланың қауіпсіздігін ойлап, ер адамның іс-әрекетінің дұрыс емес екенін жазуда. Олар баланың ата-анасына хабар беру керек екенін айтты.