Батыс Қазақстан облысында 17 жастағы бойжеткенді өлтіріп кетті. Қылмыс 28 шілдеге қараған түні Зеленов ауданындағы Дарьинск ауылында болған деп жазады "Мой ГОРОД" порталы.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бойжеткеннің мәйітін ауылдағы дәмхананың жанынан тапқан. Марқұм осы ауылдың тұрғыны екен және биыл ғана 11-сыныпты бітіріп шығыпты.
Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров та адам өлтіру қылмысының болғанын растап отыр. "17 жастағы қыз қайтыс болды. Өте өкінішті. Ол әлі жасөспірім еді. Қазір құқық қорғау органдары бұл іс бойынша жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына БҚО ІІД басшысының орынбасары келіп, істі өз бақылауына алды", - дейді аудан әкімі.
Бойжеткенді өлтірген күдіктілердің ұсталған-ұсталмағаны белгісіз, әкім ол туралы жақ ашпады.