Instagrаm-парақшасында қайырымдылық жасаудан жұрттан озып жүрген Жаным баклажаным лақап атымен танымал Айдын Тоқсанбаева 6 жасар ерекше сәбиге қуаныш сыйлады. Ол көпшілікті қайырымдылық жасауға шақырып, бәрінің басын бір жерге қосты. 6 жастағы Ернар өзіне жиналған ақшалар мен түрлі ойыншықтарды көріп, қуаныштан көз жасына ерік берді.
Ернар үшін көпшіліктен 24 сағат ішінде 2 миллион 543 мың теңге қаражат жиналған.
«Басқа елде бала ерекше болса қарым-қатынас мүлдем басқаша... Халқы қасынан жылы лебізбен күліп өтіп, сәбиді аспандағы жұлдыз етіп сезіндіреді, әр өткен адам жымияды, амандасады, ерекше жанға ерекше құрметпен, сыйластықпен, түсіністікпен қарайды. Өзін осы ғаламда бөтен сезінбей, қарапайым сіз бен бізге ұқсамай ерекше жан екенің сезіндіреді.
Өз балаларын достас, құшақта, дос бол деп үйретеді. Кейде тіпті қағазы мен қаламын әкеліп қолтаңба (автограф) сұрайды. Баланың бір сәтке болсын көңілін көтеру мақсатында.
Біздін ел кем болмасын, біз де Алланың берген ерекше жандарын қолдайтынымызды, қорғайтынымызды сезіндірейік», - деп жазған блогер баланың ағыл-тегіл боп жылаған видеосын желіге жүктеді.