$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстікте еңбек даулары оң шешімін табуда

Қазақстан кәсiподағының 110 жылдығы және алда келе жатқан Кәсiподақ күнiне орай «Еңбек дауларын шешу жолдары: тәжiрибе мен проблемалар» тақырыбында тәжiрибелiк конференция өттi.

ҚР кәсiподақтар федерациясының ХХIV съезi қарсаңында өткен бұл жиынды ОҚО кәсiподақтар орталығы ұйымдастырды. Оған облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Айтаханов, салалық басқармалардың басшылары, ОҚО прокурорының орынбасары Қ.Әбдiханов, салалық және аудандық кәсiподақ комитеттерiнiң төрағалары, ҮЕҰ мүшелерi қатысты.

- Елiмiзде еңбек заңнамаларының сақталуына, еңбек дауларының алдын алу мен жұмысшылардың ақысын мерзiмiнде төлеу мәселелерiне айрықша көңiл бөлiнуде. Былтыр жалақы қарызы 20 миллион теңге болса, 2015 жылдың 1 маусымындағы мәлiмет бойынша мекемелердiң бұл жөнiндегi көрсеткiшi 5,6 миллион теңгенi құрап отыр. Демек, еңбекақы төлеу серпінінің артқаны. Бүгiнде үш жақты комиссия жұмысы да өз нәтижесiн беруде, - дедi Ерлан Қуанышұлы.

Конференция барысында сөз алған облыстың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы Б.Есқараев еңбек дауларының туындау себептерiн атаса, «ОҚО кәсiподақтар орталығы» АКБ төрағасы Д.Шерiмқұлов еңбек дауларын қарауда медиация қызметi ақысының жоғары екенiн тiлге тиек еттi.

Конференция соңында ОҚО прокуратурасы мен ОҚО кәсiподақтар орталығы арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары