$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда тағы бір тарихи ескерткіш пайда болуы мүмкін

Жұмыс сапары кезінде Алматының тарихи орталығын аралаған меагполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесіндегі 69 үйде орналасқан Түрксіб ауруханасының бұрынғы ғимаратын Алматының сәулет ескерткіштері тізіміне енгізуді тапсырды.

Нысан 1950 жылдары архитектор Михаил Кудрявцевтің жобасы бойынша салынған. Оның басты кіре берісі мен қапталдары, жақтаулары төрт жақты композициялық бағаналарға тірелген. Қапталдардың аркалары, люнеттері таңбалы белдеулермен өңделген. Ғимарат «ұлттық стильде» салынған көнелердің бірі болып табылады әрі оның сәулетінде классикалық және өңірлік синтез өзара ұштасқан, яғни Алматы магистралі құрылысының басты элементі болып табылады. Сыртқы солтүстік қабатында ішкі аула және жасыл желекке оранған кеңістік бар.

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану» Заңының негізінде объектіні тізімге енгізу оған тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін береді. Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткіштің қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, ғимаратың сыртқы келбетін, ішін, конструкцияларын, мақсатты пайдаланылуын, аумағын өзгертуге тыйым салынады. Жөндеуге, қайта жасауға байланысты атқарылатын шаралардың барлығы өкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асады.

Еске салсақ, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңға сәйкес қаланың ипподромы мен «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізуді тапсырған еді. Артынан ғимараттың бұрынғы келбетін қайтару жөнінде жұмыс басталып, заңсыз құрылыстар алынып тасталды.

Еске салайық, Бауыржан Байбек бұған дейін Алматыдағы «Сайран» автовокзалының ғимаратын да тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарына қосуды ұсынған болатын. Содан бері аталған нысан маңы абаттандырылып жатыр. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған гүлзарлар, балалар алаңқайы және көлік тұрақтары салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары