$ 494.87  520.65  4.91

Оралда кешегі мұғалім, бүгінгі жалғызбасты ана үш баласымен аш отыр (ВИДЕО)

Вероника Симоненконың балаларымен аш отырғанына бір апта болған. Өйткені азық-түлік сатып алуға ақшасы жоқ. Кешегі мұғалім өзінің бүгінде бұл хәлге қалай түскенін «Уральская неделя» басылымына айтып берді.

Вероника үш баласымен пәтер жалдап тұрады. Күйеуімен ажырасып кеткен ол балаларымен жалғыз қалған. Егіз ұлдары екі жарым жаста болса, үлкені 7 жаста. Мектепте 11 жыл бойы мұғалім болып істеген Вероника қазір жұмысқа шыға алмай отырғанын айтады. Өйткені ол жұмыста болған уақытта балаларға қарайтын ешкім жоқ.

Ал балаларын балабақшаға берейін десе тағы сол ақшаның жоқтығы кедергі.

«Мен жұрттан қол жайып көмек сұрап отрығаным үшін ұяламын. Бірақ басқа амалым қалмады. Өйткені балаларыма тамақ тауып бере алмай отрымын», – дейді Вероника.

Егіз ұлдарын дүниеге әкелмей тұрғанда несие алған екен. Күйеуі балаларына алимент ретінде жіберетін 20 мың теңгені несиеге төлейді. Айтуынша, банк қызметкерлері несиені төле деп, әйелге күнде қоңырау шалатын көрінеді.

«Үйде жейтін тамақ қалмады. Кеше көршім екі жұмыртқа, жарты нан алып келді. Мемлекеттік органдарға көмек сұрап бардым, бірақ ешқандай жауап ала алмадым. Өйткені балаларымды балабақшаға беріп, өзім мектепке жұмысқа шығайын деген едім. Бұлай жалғаса берсе, балаларымды менен мемлекет тартып ала ма деп қорқамын. Сол себептен, жүрегі жайсаң адамдардан көмек сұраймын», – дейді жыларман болған мұғалім.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары