$ 441.66  475.14  4.86

Қарағандыда әлдебіреу көлікке әйелдердің гигиеналық заттарын жапсырып кеткен

Қарағандыда әлдебіреу көлікке әйелдердің гигиеналық заттарын жапсырып кеткен. Бұл туралы видео Instagram әлеуметтік желісіндегі топтың бірінде жүр.

Тұрғын үйдің ауласында тұрған автокөлікке белгісіз біреу әйелдерге арналған гигиеналық төсеніштерді жабыстырып, үстіне кетчуп төгіп кеткен. Сондай-ақ, «мудак» деген жазу қалдырыпты.

Бұл масқара біреудің әшейін әзілі ме, әлде осылайша танысынан кек алғаны ма, ол жағы белгісіз. Желі қолданушылары мұны қыздардың істеген ісі деп топшалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары