Оралда үш баласымен аш қалған мұғалім Вероника Симоненкоға көпшілік көмек қолын созды. Қазақстандықтар жалғызбасты әйелдің үйін 4 айға жететіндей етіп азық-түлікке толтырып тастады. Сондай-ақ, 200 мың теңге жиналып, балаларына киім-кешек те әкеп берген деп жазады "Уральская неделя".
Мұғалімнің айтуынша, ол бірнеше күннен бері үш баласымен аш қалыпты. Еш амалы қалмағандықтан, басылым арқылы жұрттан көмек сұраған. Алайда, бір күннің ішінде үйі азық-түлікке толып, көмек қолын берушілер табылады деп еш ойламапты.
Қуанышы қойнына сыймаған Вероника жаны жайсаң жандарға өз алғысын жеткізді.
Қазіргі кезде жалғызбасты ана балаларын балабақшаға беру үшін құжаттарын жинастыруда. Ал өзінің жұмысқа шығуға ниеті бар.