$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да көмір бағасы екі есеге дейін қымбаттап кетті

Жылыту маусымына дейін әлі екі айдай уақыт бар. Дегенмен, ШҚО-да көмір нарығында баға шарықтап тұр. Мұнда "қара отынның" бір тоннасы қазір 17 мың теңгеге дейін жеткен деп жазады Устинка Live.

Еске салайық, маусым айының соңында облыс орталығында жергілікті билік пен көмір тасымалдаушылары меморандумға отырып, отынның бағасын 8800 теңгеден асырмауға уағдаласқан болатын. Алайда, іс жүзінде бұл келісімнің күші болмай шықты.

Көмір сатушылары әзірге тек Өскемен (8800 теңге) мен Семейде (7400 теңге) ғана бағаны ұстап тұр. Ал, облыстың өзге аудандарында көмірдің бір тоннасы 17 мың теңгеге дейін шарықтап кеткен. Сатушылар мұны тасымалдауға кететін шығынның артып отырғанмен түсіндіруде.

"Алып-сатарлар көмірді арзан бағада сатып алады да, ауылдарға апарып екі есе қымбатқа сатады. Біз аудандардағы бағаны бақылай алмаймыз. Бағаны кәсіпкерлердің өздері қояды. Көмір тапшылығы әзірге жоқ, ертең күздігүні болуы мүмкін", - ШҚО ТКШ басқармасына қарасты энергетика бөлімінің басшысы Нұрлан Рамазанов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда көмірді жеткізу жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асып жатыр екен. Дегенмен, оның бағасын бірде-бір мемлекеттік орган бақылауында ұстай алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары