$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда ғалымдар латын әліпбиіне көшу жайын талқылады

Қазақстан 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшіп бітуі тиіс. 2017 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойған болатын. Сол уақыттан бері елімізде осынау құжат аясында бірқатар жұмыс атқарылды.

Ең алдымен қазақ тіліне лайықталған жаңа әліпбидің әзірленгенін айту керек. Бірнеше нұсқасы әзірленген әліпбиді ең бірінші болып қоғам талқылады. Сондай-ақ, тіл мамандары өз бағасын беріп, ішіндегі ең қолайлысы таңдап алынды. Оны Мемлекет басшысы бекітті. Енді сол әліпбидің негізінде қазақ тілі латын графикасына кезең-кезеңмен көшуі тиіс.

Осы латынға көшу жайы бүгін АЛматыда тағы бір үлкен жиынның өтуіне себеп болды. Мегаполисте ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, ғылыми зерттеу институттарының мамандары бас қосып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды талқылады. Латын әліпбиі жобасын жүзеге асыруда кездесетін түйткілді мәселелер мен оны тиімді шешу жолдары туралы ойларын ортаға салды.

Жоспар бойынша бірінші кезеңде емлелердің орфографиялық үлгісі мен нақты ережесі жасалып, Ұлттық орталыққа өткізілуі тиіс. Халық арасында осындай сараптамалық зертеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар,  орталық мамандары  сандық технологияның көмегіне жүгіну қажеттігін айтып отыр. Ол үшін ұялы телефонға арнайы бағдарлама енгізілмек. «Латын әліпбиін оңай үйрену әдісі жасалса, жұртқа  қолжетімді болады» дейді тіл мамандары.

Ғарифолла Есімов, «Тіл-Қазына» орталығының бас директоры:

- Ғалымдар ғылыми жағын жасап жатыр. Бірақ ғылыми мәселені жұртқа беріп жібермей соны жұртқа ыңғайланған, нақтыланған содан түсінікке  жеңіл жағын қарастырып жатырмыз.

Латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани тұтастығының негізі. Сонымен қатар күллі түркітілдес халықтардың басын қосып, бірлігін арттыруға септігін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары