Осы жылдың ІІ тоқсанында Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарында жұмыссыз қалғандар саны жұмыс тапқандардан да асып түсті. Статистика бойынша комитет осындай мәлімет жариялады, деп жазады 7kun.kz
2015 жылдың сәуір-маусым айларында ірі және орта кәсіпорындар 178,8 мың адамды жұмысқа қабылдаған. Түрлі себептер бойынша 186,7 мың адам қызметінен айырылды. Олардың 82,2 пайызы тұрақсыздыққа байланысты жұмысынан кеткен. 3,2 пайызы қысқартуға ілінген. Тағы 14,6 пайызы басқа себептермен қызметінен босайды.
«ІІ тоқсанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 6,5 пайыз, қысқарту бойынша 6,8 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздығы коэффициенті 5,6 пайызды құрады. Дәл осы уақыт бойынша жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 95,8 пайыз болды»,-деп хабарлайды комитеттен.