АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық 3 әйел бір-біріне туыс болып шықты. Үшеуі де Тараз қаласының тумалары. Ал мұхиттың арғы бетінде жүріп қолға түскендердің жақындары болған жайды естіп төбесінен жай түскендей күй кешкен. Айта кетейік, АҚШ-та нақ осы іс бойынша жалпы 25 адам ұсталды.
АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық 3 әйел бір-біріне туыс болып шықты. Үшеуі де – Тараз қаласының тумалары. Ал, мұхиттың арғы бетінде жүріп қолға түскендердің жақындары болған жайды естіп төбесінен жай түскендей күй кешкен. Айта кетейік, АҚШ-та нақ осы іс бойынша жалпы 25 адам ұсталды.
Азиза Жалолова 24, Диора Аширова 27 жаста. Ал, Елена Құдайбергенова 48-де. Олар бір-біріне жақын туыс. КТК телеарнасының тілшілеріне Диораның әкесімен тілдесудің сәті түсті. Мирсұлтан Ахунжаевтың айтуынша, ол әйелімен 10 жыл бұрын ажырасып, келіншегі жалғыз қызын АҚШ-қа алып кеткен екен. Сондықтан қызымен соңғы рет бес жыл бұрын телефон арқылы ғана тілдесіпті.
«Таң қалып әрі қорқып тұрмын. Мен ондай қыз тәрбиелеген жоқпын. Ол өзі алданып қалды деп ойлаймын. Олардың немен айналысып, не істеп жүргендерін білмедім. Бірақ қызымның кінәсі жоқ деп сенемін», - дейді Диора Ашированың әкесі Мирсұлтан Ахунжанов.
Азизаның да анасы қызының мұндай қадамға барғанына сенбейді. Төбесінен жай түскендей болған әйел жүздесуден бас тартып тек телефон арқылы ақпарат берді. Айтуынша, Азизаның мамандығы дәрігер екен. Ол АҚШ-та жеке клиникада тұрақты қызметте болған. Ал осы көктемде тұрмысқа шыққан.
Елді елең еткізген ақпарат шілде айының соңында тараған еді. Яғни АҚШ-та аляқтық жолмен раритеттік көліктерді сатумен айналысты деген күдікпен 25 адам ұсталған еді. Тергеу мәліметі бойынша, бұлар интернетке жалған жарнамамен машиналарды саудаға шығарып, клиентерден ақшаның бір бөлігін алдын ала алып, кейін өздері таптырмай кететін болған. Сөйтіп, жалпы көлемі 4 жарым млн. доллар шығын келтірген.