$ 443.44  480.51  4.88

Атышулы Байзақова қызбен төсектес болғанын айтты (ВИДЕО)

Атышулы Айжан Байзақова бір кездері қызбен төсектес болғанын жайып салды. Бұл туралы ол Youtube видео-порталындағы «Коннект» жобасында айтты.

Жобаға Байзақова сіңлісімен келді. Түрлі сұраққа тайсалмай жауап беретін блогер бұл жолы да солай етті. Оған «Қыз баламен жыныстық қатынасқа түстіңіз бе?» деген сұрақ қойылды. Байзақова болса, түк саспастан «иә» деп жауап қатты.

Еске сала кетейік, Айжан Байзақованы былтыр Алматыдағы Алмалы аудандық ІІД-нің жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс материалдарын жинап, жауапқа тартқан. Ақыр соңында ол 3 күнге қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары