$ 494.87  520.65  4.91

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық азаймай отыр

Елімізде балаларға қатысты жасалатын қылмыстың жалпы көрсеткіші өткен алты айда екі есеге жуық, нақтырақ айтқанда 3 мың 800-ден 2 мыңға дейін төмендеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Алайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері азаймай отыр. Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Әсет Оспанов осылай айтты. Брифинг қылмыстық қастандықтан бала құқығын қорғау шараларына арналған болатын.

«Осыған байланысты біз балаларға қатысты қылмыстық қастандықты қорғау шараларын күшейтіп жатырмыз. Жыл басынан бері ІІМ басшыларының қатысуымен үш кеңес өткізілді. Оның қорытындысы бойынша аумақтық департамент басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелді. Дегенмен, балаға қатысты жасалатын қылмыстар көрсеткішінің төмендемеуіне бірқатар себеп бар, ең бастысы ата-аналардың өздері балаларға дұрыс көңіл бөлмей отыр», - дейді Әсет Оспанов.

Оның айтуынша, елімізде әртүрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін полицияға жыл сайын 100-120 мың бала әкелінеді. Солардың басым бөлігі түнгі уақытта кәмелетке толмаған балалардың болуына тыйым салған орындардан ұсталғандар.  

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары