$ 444.22  476.38  4.82

Денис Теннің анасы қазақстандықтарға үндеу жолдады

Денис Теннің анасы Оксана Тен қазақстандықтарға үндеу жоладады. Ол көпшілікке алғысын жеткізіп, ұлының мәңгілікке есте қалуы үшін жасалып жатқан жұмыстары туралы айтты деп жазады Nur.kz.

«Құрметті достар және Денис Теннің жанкүйерлері! Денистің атынан барлықтарыңызға алғыс айтқым келеді. Қиын жағдайда біздің отбасымызға қолдау көрсете білдіңіздер. Денистің есімін мәңгілікке қалдыру мақсатында бірнеше жобалар мен жоспарлар айтылып жатыр. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ол жұмысқа кірісіп те кеттік. Мәдениет және спорт министрі мен Алматы қаласының әкімімен кездесу барысында біраз жоспарлар айтылды. Мәдениет және спорт министрі алдағы уақытта Денис Теннің атынан мәнерлеп сырғанау Академиясын ашу жоспарда барын айтты. Ал Алматы қаласының әкімі Денисті еске алу мақсатында  жыл сайын мәнерлеп сырғанаудан Халықаралық турнир өткізетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Денис қаза болған жерге ескерткіш орнатататыны жайында да тілге тиек етті. Ол үшін отбасы мүшелерінің біреуінің қатысуымен арнайы комиссия құрылып, кәсіби мүсіншілерге конкурс жарияланады. Ол ғана емес қала әкімшілігі Денис туып-өскен үйдің жанына ескерткіш тақтасын орнатып беруге сөз берді. Денис туралы кітаптың жарыққа шығуына да көмектесетіндерін айтып жатыр. Жақын арада Денис Тен атындағы қайырымдылық қоры ашылады. Өздеріңізге  мекен-жайды хабарлаймыз. Ал әзірге осындай қайғылы жағдайда бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!», – деді спортшының анасы.

Еске салсақ, Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автоұрылардың қолынан қаза тапқан болатын. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары