Батыстық баспасөз құралдары 9 тамыз күні Геннадий Головкиннің Калифорниядағы жаттығу залына барып, боксшының алдағы Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегіне дайындығын көріп қайтты деп жазады prosorts.kz.
Головкин ақпарат құралдарының болашақ қарсыласына қатысты қойған бірнеше сауалына жауап берді.
Сұхбат беру барысында Головкин Альварестің өзіне осыған дейін кездескен қарсыластарының ішіндегі ең жағымсызы екенін айтты.
«Ол маған кездескен ең жағымсыз, әрі лас қарсылас. Ол спорт заңнамаларын бұзды. Жасауға тыйым салынған нәрселерді жасады. Ал, командасы болса оның сол заңсыз әрекеттерін құптап жүрді. Біздің бокстағы тактикамыз әртүрлі, осы жолы кездесу уақытынан ерте аяқталады деп сенемін», - деді GGG.
Ақпарат құралдарының өзге сұрақтарына Головкиннің промоутері Том Леффлер жауап берді.