$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбеде тілексіз той өтті

Ақтөбе өңіріне танымал тележүргізуші шаңырақ көтерді. Тілшінің тойы тоссыз өтті, деп жазады КерекИнфо.

Шалқар қаласында өткен тойға 300-ден астам қонақ шақырылған. Бірақ олардың бірде біреуі жиналған жұрттың алдына шығып, жас жұбайларға тілек айтқан жоқ. Тек жаңа құдаларды бастап келген азамат қана өз ел таныстыру үшін сөз алған..
-Тойдың түр-түрін көріп жүрміз. Қонақтар бірінің айтқан сөзін екіншісі қайталап тұрып алады. Жұрт та жалығады. Мен өз тойымның тоссыз өткенін қаладым. Ақ тілегін айтқысы келгендер «тілек бұрышындағы» микрофонды алып, арнайы камераның қызметін қолданып жатты. Біз оны міндетті түрде асықпай қарап шығатын боламыз. Бір байқағаным, тойда сөз берілмегеніне ешкім де ренжіген жоқ, - дейді жас шаңырақ иесі Қонысбек Терекұлы.

Тойдың тағы бір 5 жыл сақталған қымыз болды. Осыдан 5 жыл бұрын жер астына киікотымен ысталған 150 литр қымыз көмген екен. Ішіне шикі қазы салынған қымызды тойдан бір күн бұрын қазып алынған.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары