$ 494.87  520.65  4.91

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің 80 пайызы «тірі жетімдер»

Қазақстанда балалар үйінде тәрбиеленіп отырған жетімдердің 80 пайызының ата-аналары бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «SOS балалар ауылы» бағдарламасының директоры Зәуреш Арыстанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер біз алдын алу шараларын қолға алмасақ, әлеуметтік мекемелерде балалардың саны артпаса, төмендемейді. SOS өзінің жобаларын кеңейтуді қолға алды. Бағдарламаға қатерлі топқа енген балалар тартыла бастады. 5-6 жылдың ішінде бұл жоба өзін ақтады. Ол баланың өз отбасында қалуына бағытталған. Жоба аясында ата-аналардың және әлеуметтік мекемелердің келісімімен қатерлі топтағы отбасылармен келісім жасалады және барлық ресурстар қамтамасыз етіледі. Біз балаға да, отбасыға да көмек жасап отырамыз. Ал ата-аналар келісімдегі шарттарды орындауға келіседі», - дейді З.Арыстанова.

Сарапшылардың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық негізінен осындай аз қамтылған отбасылардың қараусыз қалған балаларына қатысты орын алып жатады. Балалар есейгенде қылмысқа жиі барып, қоғам өміріне бейімделе алмай кетеді. Сондықтан SOS бастаған бұл жобаның ауқымы кеңеюі тиіс деп есептейді олар. 

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары