$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде нашақор салафит қамауға алынды

Ақтөбеде тәртіп сақшыларына жұдырық ала жүгірген егіз жігіт теракт туралы жалған ақпарат таратқан деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Есірткіге еліріп салафиттер полицияға қоңырау шалып, жарылыс туралы айтады. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар сақалды нашақорлардың сандырағы екенін біледі.

Жартылай жалаңаштанып, тәлтіректеп әрең тұрған бұл екеу салафизм бағытын ұстанады екен. Есірткіге масайған оларды теракт туралы жалған хабар бергені үшін әкімшілік жазаға тартпақ болады. Абақтыға апарар жолда ағайынды Кенбаевтардың біреуі қашып кетуге оқталады. Жолын бөгеген екі полиция қызметкеріне тарпа бас салып, төбелеседі. Енді ол билік өкіліне күш көрсеткені үшін қамауда отыр. Ісі сотта қаралады. Ал сыңарын әкімшілік жазаға тартып, әзірге қолхатпен үйіне жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары