Ақтөбеде мектеп формасын сататын дүкен мен секс-шоп бутигі қатар орналасқан. Осыған байланысты қаладағы 25 қабатты «Ақтөбе Ажары» сауда орталығына келушілер шағымдануда деп жазады «Ақтөбе таймс».
Интимдік заттарды сататын дүкеннің сатушысы өздерінің есіктері әрдайым жабық тұратынын айтады. Алайда, ата-аналарымен мектеп формасына келген жеткіншектер кіруге рұқсат етілмеген жерге бас сұқпай кетпейді екен.
Бұған кейбір ата-аналар түсіністікпен қарайтын көрінеді. Яғни, балалар киімімен бірге секс-шоп дүкенінің қатар тұруы олардың көпшілігін алаңдата бермейтіні анық болды.