Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Қопа ауылында асыл тұқымды 124 сиыр қырылып қалды деп жазады Азаттық. Қырылған мал жергілікті жеке шаруа қожалығына тиесілі болыпты. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев абердин-ангус тұқымынан тарайтын сиырлар ескі мия шөбінен уланып қалғанын айтады.
- Жергілікті сиырлар бұл шөпті жемейді. Шетелден әкелінген мал осы шөптен уланған. Ірі-қараның жаппай ауыру дерегі 18 тамыздан бастап тіркелді. 18-19 тамыз аралығында қырылған барлық малдың өлексесі толық өртенді, - деді Кеңес Қанатбаев.
Облыстық ветеринария басқармасы шаруашылықтағы эпизоотиялық жағдайды бақылап отырғандарын мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес Қазақстанда 7 миллионға жуық ірі қара мал бар. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы 10 жыл ішінде шетелден 1 миллион асыл тұқымды ірі қара мал импорттамақ.
ВИДЕО: Бахытжан Курмановтың Facebook-парақшасынан алынды