$ 494.87  520.65  4.91

Құрбандыққа шалған малдың ішек-қарнын қоқысқа тастаса құрбандық қабыл бола ма?

Мұсылман қауымның қасиетті мейрамы Құрбан айтта қазақстандықтар көптеп құрбандық шалып, өздеріне сауап жинауда.

Кезекті материалда атап өткеніміздей, құрбандық шалудың да өзіндік ережелері бар. Алайда көрсетілген суретке қарап, көпшіліктің бұл ережеден бейхабар екенін байқауға болады деп жазады Stan.kz.

Жұрттың бұл әреккетері желі қолданушыларының наразылығын тудырып, Ислам дінінде мұндай ысырапшылдық жасаудың өзі күнәға жатады деген жазбалар қалдыруда.

Айта кетсек, «Осы астамшылықтың , ысыраптың бір азабын тартамыз ғой əлі. Бұл не сұмдық? Алланың қаһарынан қорықсаңдаршы, əй мұсылман бауырлар. «Əр тоқтықтың бір аштығы бар» деген ғой. Осыған зар етіп қоймасын əлі Құдіреті күшті Аллам. Алла өзің кешіре гөр!», «Бұл дегеніміз масқара ғой, қарынды аршыса қаншама адамға ас болар еді ғой, бұл деғенміз ысырап ғой» деген сынды пікір білдірушілер көптің қасы.

Салт-дәстүріміз бойынша осы ішек-қарындардан қаншама тамақ жасауға болады, тіпті қазағымыздың ұлттық тағамы ет асылғанда да осы қоспаларды қосып, сорпаның дәмін келтіріп жатады. Сондықтан құрбандық шалғанда ішек-қарынды тазалап, мұқтаж жандарға тарату да сауап жинаған абзал болар.

Ал сіздер қалай ойлайсыздар, малдың ішек-қарындарын осылай ысырап қылып қоқысқа тастаған қаншалықты дұрыс?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары