$ 494.87  520.65  4.91

Әсет Исекешев Астананы су шаю проблемасын біржола шешпекші

Астананы жыл сайын су шайып кететіні белгілі. Биыл да толассыз жауған жаңбырдан кейін қала тұрғындары көліктерін тастап, қайықтарға отыра бастады. Ал, қала әкімі Әсет Исекешев бүгін су басу мәселесін түбегейлі шешуге уәде берді деп жазады Tengrinews.kz.

"Қаладағы кәріздер мен су тарту жүйесі Мемлекет басшысының 2016 жылғы тапсырмасына сәйкес үш жылдық жобаға дайындалған. Қазіргі уақытта біз бөлінген қаражатқа 2019 жылы түгелдей ауыстыратын боламыз. Әкімдік үлкен жұмыс атқарды.

Өткен жылы Тұран даңғылы, Ұлы дала көшесінде, 31-ші көшеде Көктал ауылында, Мыңжылдық аллеясында тазалау қондырғыларын орнатып біттік. Бір жыл ішінде жеделтетілген түрде Тұран - Сығанақ қиылысындағы тазалау қондырғысын қайта жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтадық. (...) Мыңжылдық аллесында және темір жол ауданы маңындағы Тельман ауылында құрылысты бастадық. Шын мәнінде қиын учаскелер бар", - деді Исекешев Үкімет отырсында. 

Қала басшысы, Астанадағы соңғы күндері кей көшелерін су басып кету мәселесіне де тоқталды. 

"Кешегі және кешенің арғы күні болған жағдайға қатысты айтар болсақ, "Қазгидромет" мәліметінше бір жарым тәулікте 45 миллиметр жауын жауған. Бір айлық көрсеткіш - 29 миллиметр, бұл дегеніміз айлық нормадан бір жарым есе көп. Тәулік бойы коммуналдық қызмет мамандары тұрғындардың шағымы бойынша жұмыс істеді. Бұл мәселес үкімет қолдауымен аса бақылауға алынды. Бақытжан Әбдірұлы Астанада жаңбыр суларын тартатын кәріздердің жұмысымен айналысатын "Астана Тазалык" базасындағы мекеме құру туралы шешім шығарсақ дейміз. Министрлікке тапсырма беруіңізді сұраймыз, біз ары қарай алып кетеміз", - деді Астана әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары