$ 441.58  480  4.86

Астанада такси жүргізушісі клиент ұмытып кеткен ақша толы әмиянды иесіне қайтарып берді

Астана қаласы ІІД Табылған заттар бюросына елорда тұрғыны жүгінді. Курмангалиевтің айтуынша түнде жігітті апара жатқанда, машинадан шыққан кезде  құжаттары, банкомат және дисконт карталары, ақша салынған портмонесін қалдырып кеткен.

Таныс емес жігіт қалдырып кеткен портмонені жүргізуші Астана қаласы ІІД Табылған заттар  бюросына апарған, тіркеуші азаматтың мәліметтері бойынша портмоне иесінің байланыс телефонын анықтаған. Табылған заттар бюросының қызметкері жоғалған заттың табылғаны туралы иесіне хабарлаған.

Асет Сапаржановқа құжаттары және ақшалай қаражаты салынған портмоне қайтарылды. Сондай-ақ, Асеттің айтуынша құжаттары салынған портмоне неке қию күнінде қайтарылған. Асет жүргізушінің адал іс-әрекетіне, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жедел жұмысына зор алғысын білдірді.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінде Табылған заттар бюросы қызмет етеді. Аталған бөлімге түрлі табылған құжаттар және жоғалған құжаттар туралы ақпарат келіп түседі. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін Табылған заттар бюросы ақысыз негізде анықтама береді.

Астана қаласы Табылған заттар бюросының жұмыс кестесі: сағат 8.30-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.30-ға дейін. Мекенжайымыз: Бейбітшілік, 19 жұмыс телефоны: 95-15-49.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары