$ 488.45  529.19  5.04

Алматыдағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, бірнеше адамды күйік шалды

Дәрігерлер Алматыдағы "Аспандияр" кафесінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккендердің жағдайына қатысты пікір білдірді деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл оқиға Алматыдағы Розыбакиев көшесінің бойында орналасқан кафеде болған. 

"Үш адамды күйік шалған. Сағат 18:38 бен 18:51 уақыт аралығында жедел жәрдем екі зардап шегушіні қалалық ауруханаға жеткізді. Ал үшіншісін орталық клиникалық ауруханаға тапсырды. Оқиға нәтижесінде зардап шегушілердің бет терісі, мойын, арқа, үстіңгі дене бөлігі әр деңгейде күйік алғаны анықталды", - деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

"Екі зардап шегушіні бірден жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқыздық. Бүгін екі науқастың да жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, олар бейіндегі бөлмеге ауыстырылады. Тағы бір зардап шеккен қыз ми жарақатымен нейрохирург дәрігерлердің көмегіне жүгінуі керек екені айтылып, тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емге жіберілді", - дейді басқармадағылар. 

Айта кетейік, 24 тамызда Алматыда танымал "Аспандияр" кафесінде оқыс оқиға болған. 50 литрлік баллоннан газ шығып, артынша жарылды, абырой болғанда жалын шарпымаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары