$ 498.34  519.72  4.85

Бойжеткен ер азаматтардың өзіне күнделікті сексуалды әрекеттер жасайтынын айтты

Қырғызстандық Сия Үсенбек ер азаматтардың қыздарға сексуалды әрекеттер жиі жасайтынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebooк-парақшасына жазып, қызу талқыға түскен.

«Достар, мен ер азаматтардың күнделікті жасайтын сексуалды әрекеттеріне үйреніп те қалдым. Мәселен, ондайды көшеде де кездестіруге болады. Бір топ жігіт сенің келе жатқаныңды көріп, әдейі біреуін саған қарай итеріп жібереді. Ал менің үстіме құлаған ол сол мезетте төсімді ұстап үлгереді. Артымда келе жатқаны болса, білместікпен әдейі жамбасыңнан, беліңнен сипап өтеді. Бірде автобуста бейтаныс жігіт маған сүйкенгені соншалық, демі шығып кетті. Тіпті мүшесін қолыма жақындатқаны бар. Мұндай іс-әрекеттерге назар аударғым келмейді. Бірақ бұл анайы қылықтардан шаршадым. Сол сәтте ұрсып тастағым келеді, алайда менің өзімді ұрып жібере ме деп қорқамын. Сол себептен қазір жігіттер үйілген жерде тұрудан қашамын», – дейді Сия.

Сондай-ақ, қырғызстандық бойжеткен барлық қыздарды мұндай сәттерде үндемей қалмауға шақырды.

«Қыздар, барлығымыз бірігіп ойы жаман әдеттерге толы жігіттермен күресейік. Өзімізді қорғай білейік. Сондай сәтте ол еркекті ұрсып, не болмаса бетін қайтарып тастаңыздар. Сонымен бірге сексуалды әрекет жасағандарды көрген куәгерлер сіздер де үндемей қалмаңыздар. Бізді қорғаңыздар. Өйткені біз сіздердің аналарыңыз, қыздарыңыз, әпке-қарындастарыңызбыз!», – деп жазды қырғызстандық ару.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары