$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда қарызын қайтарамын деп кісі қолынан қаза тапқан 24 жастағы жігітті 4 адамның азаптағаны анықталды

Алматыда әріптесінен 100 мың теңге қарызын қайтармақ болып, өліп кеткен 24 жастағы Зинур Хамитовтың денесін туған-туыстары жер қойнына тапсырды. Марқұм 23 тамыз күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған еді. Ертесіне кешке оның азаппен өлтірілген мәйіті Талғарға жақын маңдағы саяжайлардың бірінен табылды. Туыстарының айтуынша, Зинурдың денесінде сау жері қалмапты.

"Зинурдың денесінде сау-тамтығы қалмаған. Тістері түгел сынған, жағы сынған, мұрны мүлдем қисайып кеткен, көзін ағызып жіберген. Бас сүйегі шытынап қана қоймаған, қақ бөлінген. Оны әбден азаптаған. Әліге дейін сене алар емеспіз, дәл бұлай өлтіретіндей оның не жазығы бар еді? Қылмыскерлерді жазалауға көмектесіңіздерші", - дейді марқұмның туыстары.

Зинур бала кезінде жүрегіне ауыр операция жасатқан екен. Оны дәрігерлер әзер аман алып қалыпты. Кейін ол мектепті де, колледжді де үздік бітірген. Анасына көмектесіп, қолқанаты болыпты. Тым аңғал, сенгіш еді деп еске алады оны туыстары. Жақында ЖОО-ға тапсырып, үйленуді жоспарлап жүрген екен. Алайда, өмірі қыршыннан қиылды.

Зинур су тасымалдау компаниясында экспедитор болып жұмыс істеген. Ал, қарыз алған әріптесі сол компанияда жүргізуші болған. Бірнеше күн бұрын ол Зинурдан 100 мың теңге қарыз алып, берешегін 23 тамызда қайтарып беруі керек болған екен. 

Алматы қалалық ІІД аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 4 адамды ұстады. Барлығы да 20-24 жас аралығындағы жас жігітер. Олардың арасында қарыз алған әріптесінің бар-жоғы айтылмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары