$ 498.34  519.72  4.85

Теміртау балабақшасында тәрбиеші кішкентай қызды тұншықтырып ұйықтатпақ болды (ВИДЕО)

Теміртаудағы балабақшалардың бірінде 50 жастағы тәрбиеші ұйқысы келмеген қызды тұншықтырып тыныштандырмақ болды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиғаны бейнекамераға кімнің түсіріп алғаны белгісіз. Кадрлардан тәрбиешінің жылап жатқан баланы тыныштандыру үшін оны көрпемен тұншықтырғанын анық көруге болады.

Видео әлеуметтік желіге тарағаны сол екен, қоғамда шу туғызды. Санаулы сағат ішінде мыңдаған адам әйелдің адамшошырлық әрекетін сынап пікір жазған. Артынша видеоролик желіден алынып тасталынды. Полиция болса күдіктіні дереу ұстағандарын және ҚР Қылмыстық кодекстің 140-баптың 2-тармағы бойынша іс қозғалғанын айтты. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, іспен тергеушілер айналысып жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, оқиға биыл мамыр айында болған екен. Алайда, втидео авторы оны әлеуметтік желіге тек 27 тамызда жүктеген. Видеороликті көре салысымен сәбидің ата-анасы полицияға арыз жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары