$ 498.34  519.72  4.85

«Суицид жасамақшы»: Сарыағашта хиджаб киген бойжеткен өмірімен қоштасып, желіге жазба қалдырды

Сарыағашта бойжеткен желіде барлығымен қош айтысып жазба қалдырды. Бұл туралы белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы өз  Facebook-парақшасында жариялаған.

Айтуынша, оның жекесіне Aibek Erezhepov  деген желі қолданушысы шығып, қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ ойы бар екен жазыпты.

«Достар араларыңда мына қызды танитындар бар ма? Жекеме шығып, жазбаларын жіберіп отыр. Шамасы суицид жасамақшы, аман алып қалатын адам бар ма? Сарыағаштың қызы дейді», – деп көпшілікке үндеу тастады заңгер.  

Ал ВК-парақшасына Шико Шакетай есімімен тіркелген хиджабтағы бойжеткен жазбасында өзі ренжіткен адамдарынан кешірім сұрап, барлығымен қош айтысқан. Сондай-ақ, бұл райынан оны ешкім қайтара алмайтынын жазып, өте кеш екенін ескертіпті.

Заңгердің айтуынша, қазіргі кезде қыздың жағдайымен құзырлы органдар айналысып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары