$ 494.87  520.65  4.91

«Жанында ұйықтайды»: Күйеуінің көңілдесі барын біліп қойған әйел мұңын шақты

Мұңымды жолдас келіншектерге айтқым келгеніммен, намысым жібермейді. Төркінім қалып жарымады. Жалғыз сіңілім бар еді. Оның өз проблемасымен миы ашып жүр. Сондықтан мұңымды шағуға тырысып отырмын. Сөге көрмеңіздерші.

Жолдасым екеуіміз бір жылға жуық кездесіп жүріп қосылдық. Қазір үш қызымыз бар. Аллаға тәубе деймін, қызғалдақтарым әп-әдемі болып өсіп келеді. Алайда күйеуімнің өзінің қызынан санаулы жас қана үлкен бойжеткеннің жетегінде кетуі, әбден шаршатып тұр.

Осы тоқалы пайда болғалы маған зекіп сөйлейтінді, кейде қойған сұрағыма жүре жауап беретінді шығарды. Адам ретінде сыйлаудан қалып барады. Менің жазығым не сонда? Алғашқы кездері тығылып sms жазып, далаға темекі шеккен болып шығып, жасырынып сөйлесетінін сезуші едім, соңғы кездері менің сезіп қойғанымды білгелі ашықтан ашық тайраңдайтын болды. Үлкен қала болмағанымен, тұратын жеріміз шағын. Адамдар бір-бірін тез таниды. Күйеуімнің суық жүрісін жаны ашығансып айтатындар да көбейді. Ажырасам деп талай қорқытып көрдім. Тыңдамай шығып кетеді. Саспайды. Қыздарымның болашағы үшін өзімнің көнуіме тура келіп тұр. Үлкен қызым жүріп жүрген жігітімен әкеліп таныстырып та қойған. Ажыраса қалсам, қызымның күйеу бала алдында жүзі жарқын болмай қала ма, әкесімен қатар тұрып ұзатайын деп ойлаймын.

Қазіргі қыздар да өте әдемі. Осы күйеуім менімен бірге не артық ыдысы жоқ, не дүниесі жоқ, көшіп қонып пәтерде жүрген кезде қайда болыпты? Бүгінгі күні жағдайы дұрысталып, қымбат сыйлықтар сыйлай алатын дәрежеге жеткен кезде «по вкусам не споришь, ұнатам мен де» дейді жер бетінде жігіт қалмағандай. Күйеудің бетін қайтара алмаған соң қызбен сөйлесуге ашықтан ашық өзім барғанда естіген сөзім сол болды.

Қазір күйеуім әр нірсені сылтауратып соның жанында қонып қалады. Күн сайын киім ауыстырып киіп, жасарып барады. Соның қасына қонған күндері, менің жыныма тигісі келе ме, әлде бар болып болғаны сол ма көңілденіп, ән сап кетеді. Қымбат сыйлықтар жасайтынын да білемін. Бәрін біле тұра ештеңе істей алар емеспін. Не істеймін айтыңыздаршы ағайын.

Дереккөз: alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары