Алматыда Әуезов ауданының әкім аппаратының және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалықшақ!» жобасы аясында, «Москва» сауда-сауық ойын кешенінде, «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті.
Аталмыш іс-шара барысында жиылған балалар мен олардың ата-аналарын Алматы қалалық Мәслихат депутаттары Махамбет Хасенов пен Ерболат Қасымов, Әуезов ауданының әкім орынбасары Дастан Қайратұлы, «Сайран» автобекетінің директоры Күлаш Мұқажанова мен «Тағам» асханалар желісінің әкімшісі Жәмилә Асланқызы келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.
– Бұл акция өте жақсы, қажетті әлеуметтік бастама. Мен осы қалада тұрамын, менде төрт бала бар, олар да барлығын үйреніп жатыр, мен мектепте қажетті барлық нәрселерді қамтамасыз ету қаншалықты маңызды екенін білемін. Мен өз ісіммен айналысамын, мұқтаж адамдарға көмектесуге мүмкіндігім бар, сондықтан мен қалмаймын. Депутат ретінде мен мұндай шараларға қатысуға міндеттімін деп санаймын. Өйткені, өкінішке орай, бәрінің де мектепке қажетті заттар сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді. Бірақ әрбір бала үшін мектепке дайындық - бұл ерекше сәт. Сонымен қатар, мен осы бағдарлама жұмыс істейтін Ниет Қорының Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі болып табыламын. Ертеңгі күні бұл балалар өсіп, балаларына бірдей үлгі болады. Олар мейірімді болады, көмекке мұқтаж адамжарға көмектеседі, - деді Алматы қалалық Мәслихат депутаттары Махамбет Хасенов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция жыл сайын дәстүрлi түрде, 1-30 тамыз арылығында, ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.
– Шара барысында ауданның кәсіпкерлері мен миценаттардың көмегімен, аз қамтылған және жағдайлары төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорысыз қалған және қамқордағы 550 балаға қажетті мектеп құралдары бар мектеп сөмкелері және 300 балаға мектеп формасы табысталды. – деді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Достанов.
Акция соңында балаларға арнайы Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театры әртістері көрініс көрсетіп, балалармен суретте түсті. Сосын балалар назарына «Аксель» атты фантастикалық фильмінің тегін көрсетілімі ұсынылды. Сонымен қатар, балаларға тәттілер, сусындар мен балмұздақтар тегін таратылды.
Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ