$ 442.05  474.14  4.74

Шымкентте 5-қабаттан құлаған әйел тірі қалды

Шымкенттік әйел көпқабатты үйдің 5-қабатынан құлап, тірі қалды. Оқиға 27 тамыз күні Терешкова көшесінде болған деп жазады Otyrar.kz.

Әйелдің тірі қалуына оның топырақты жерге құлауы себеп болса керек. Куәгерлердің айтуынша, құлаған жерден небәрі 1 метр қашықтықта асфальт болған екен. 

«Ол бесінші қабатта тұратын және үнемі асханадағы терезесінің алдында отыратын. Жасы шамамен 45-те, бұған дейін инсульт алған. Мен біртүрлі дыбыс естідім де, дереу далаға шықтым. Ол дәл алдымда жерде жатыр екен. Көршілер дереу жедел жәрдем шақырды, дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті», — дейді құлаған әйелдің көршісі.

Дәрігерлер науқастың халі ауыр деп отыр. Оның сүйектері сынып, басынан ауыр жарақат алған.

«27 тамызда сағат 12:56-да жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасына 1977 жылы туған әйел жеткізілді. Оны алып келген дәрігерлер 5-қабаттан секіріп кеткенін айтты. Бізге түскендегі жағдайы аса ауыр болатын. Сондықтан оны дереу жансақтау бөліміне жатқыздық. Миы шайқалған. Бас сүйегінің ішінде қан ұйып қалған. Қазір оны ота жасауға дайындап жатырмыз», — дейді аталған аурухананың күндізгі бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары