$ 494.87  520.65  4.91

«Шеш андағыны»: Павлодар облысында әйел қыздың басындағы орамалын жұлып, тепкен (ВИДЕО)

Павлодар облысында әйел орамал таққан қыздың бетіне түкірді. Оның басындағы орамалын жұлып алған. Осынау сәттегі видео Instagram-парақшасындағы kazakh_inform тобында жарияланды.

Автордың жазуына қарағанда, оқиға 25 тамызда Иртыш ауылында болған. Бейтаныс әйел себепсізден-себепсіз орамал таққан қызға бас салыпты. Бейнежазбада әйелдің бойжеткенге «Орамалыңды шеш, Назарбаев тыйым салған» деп айтқанын естуге болады.

«Сәлеметсіздер ме. Павлодар облысы, Иртыш ауылында Тілеубаева Раушан деген әйел мұсылман қыздың басындағы орамалын жұлып, артынша тепті. Оған небір балағат сөздер айтып, орамал таққандардың барлығы мемлекеттен кетсін деп айғайлады. Үстінен арыз жаздық. Алайда, бізден «Діни көзқарас» деп емес, «кішігірім бұзақылық» деп жазуымызды өтінді. Әділдік қайда? Сонда кез келген адам басымыздан орамалды жұлып жатса, бұл кішігірім бұзақылық па?», – деп жазды автор.

Бұл ретте желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінды. Көпшілік қыздың орамалын жұлып алған әйелді спирттік ішімдікке сылқия тойып алған десе, енді бірі «хиджаб киюге тыйым салу керек» деп оның әрекетін қостады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары