$ 494.87  520.65  4.91

«Әжемді ұрды»: Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік қызмет көрсету орталығына шағымданды

Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік қызмет көрсету орталығына шағымданды. Айтуынша, ондағы қызметкерлер әжесін өз қарамағына алған екен. Алайда, сау күйінде кеткен қарт ананы кейін ұрған күйде қайта үйіне әкеп тастапты. Автор әжесінің беті көгерген суретін желіге жариялаған. 

Бұл туралы жазба Instagram әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жүр.

«Бұл не деген сұмдық! Әжеме қараймыз деп әлеуметтік қызмет көрсету орталығы алып кеткен болатын. Сау күйінде алып кетіп, бірақ ұрып қайта әкеп тастады. Сұрасақ, құлап қалды деген жауап естідік. Бұл не қалжың? Үйдің подъезіне тастап кетіп қалған. Өз қарамағына аламыз деген мұндай мемлекеттен не қайыр? Осыған жауапты органдардың бұл мәселені шешкендерін қалаймын», – деп жазған автор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары