Отандық журналист Тоқтар Жақаш әнші, әрі тележүргізуші Аша Матай жүргізетін «Қалаулым» бағдарламасын «Sex shop» дүкеніне теңеді. Бір кездері сондай интимдік дүкеніне бас сұққан журналист бағдарламаның ішкі мазмұнын соған ұқсатқан.
Айтуынша, ондағы өзіне күйеу іздеп келген қыздар ойыншық болса, ал сол жерді Sex-shop дүкеніне айналдырған Аша Матай соның сатушысы екен. «Қалаулым» бағдарламасының жаңа маусымдағы екі-үш шығарылымын тыпыр етпестен, әдейі көріп шықтым. Бір шығарылымында қыздар жағы «тиетін байымыздың материалдық жағдайы жақсы болуы керек! Ең басты талабымыз осы!» дейді. Кәдімгі, бай-бағланның екінші, үшінші, төртінші тоқалы болуға психологиялық тұрғыдан әбден дайындалған қыздардың әңгімесі! Әйтпесе, о заманда бұ заман - қайсысының әжесі тиетін жігітінің қалтасына алдын-ала кіріп шыққан екен? Қазақ «Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды» дейді. Ауқатты болғың келе ме, күйеуіңмен бірге еңбектен. Бірге тап! Бірге ұқсат! Әйтпесе, еркектерді «жалқау, түк таппайды» деп тілдей бергенше дайын асқа тік қасық бола қоярлық жатыпішерлік психологиядан арыл! Содан мынандай ойға қалдым: «Қалаулымның» сыртқы формасы өзге демесең, ішкі мазмұны тура әлгі Sex shop секілді екен. Қатысушылардың дені жасанды вагина мен түрлі формадағы фаллос секілді. Sex-toys! Аша Матай болса, ойыншық сатушы әдемі келіншек. Бас сұққан адамға «ойыншықтарының» «мықты қасиеттерін» насихаттаудан ары аспаған! «Қалаулымды» басқа арнаға ауыстырып жатып, Sex shopтан қашып шыққандай күй кештім», – деп жазды журналист өз Facebook-парақшасына. Айта кетсек, «Қалаулым» бағдарламасына қатысты қанша сыни пікірлер айтылғанымен, ол әлі де көрсетілімін жалғастырып келеді.