$ 494.87  520.65  4.91

Жаркентте көлікті рұқсатсыз айдап кеткен 14 жастағы жеткіншек жол апатынан қайтыс болды

Алматы облысында 14 жастағы жеткіншек Mercedes автокөлігін тізгіндеп, салдарынан жол апатына ұшырады. Алған дене жарақаттары салдарынан ол ауруханада көз жұмған деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жол көлік оқиғасы 30 тамыз күні Жаркент қаласының іргесінде Жаркент-Тұрпан тас жолының екінші шақырымында болған. Полицейлердің хабарлауынша, жеткіншек мінген көлік Audi автокөлігімен соқтығысыпты.

Қазіргі таңда жол апатына кімнің кінәлі екені анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары