03.09.2018, 04:20

«Бұл не салт?»: Құдалықта құдағиды көрпеге орағандар жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Құдалықта құдағиды көрпеге орап, оның үстіне секірген әйелдердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Желіге тарап кеткен осынау сәттегі видео қызу талқыға түскен.

Видео еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Алайда, желі қолданушылары құдағиды көрпеге орап, оның үстіне секіру салты Шымкент өңірінде тарағанын жазуда.

Сондай-ақ, бұл салт-дәстүр ата-бабамыздан қалғанын, уақыт өте келе ұмытылып кеткенін айтуда. Ал кейбіреулері болса, әйелді көрпеге орап, оның үстіне секіргенді ерсі қылыққа теңеді.