Ресейдің Ленинград облысында «Яндекс. Такси» жүргізушісі 19 жастағы студент қызды зорламақ болған деп жазады life.ru.
Бұл оқиға 1 қыркүйекте сағат күндізгі 11.00 шамасында болған. Бойжеткен мобильді қосымша арқылы «Яндекс. Такси» шақырған. Біраз уақыттан соң сұр түсті «Volkswagen Polo» автокөлігі жетіпті.
Жолда келе жатып 30 жастағы такси жүргізушісі бейіттің қасындағы үйлердің біріне тоқтап, қызды аймалай бастаған. Төсі мен аяғын да сипалап сол жерде зорламақшы болады. Тіпті, қызды өлтіремін деп қорқытқан. Абырой болғанда қыз қашып үлгеріпті. Қазіргі уақытта студент қызды зорламақшы болған такси жүргізушісінің аты-жөні анықталған. Полицейлер айыпталушы мен оның көлігін іздестіріп жатыр.