Оралда 4 баласымен саяжай үйінде тұрып жатқан отбасы көпшіліктен көмек сұрайды деп жазады Мой город.
31 жастағы Светлана Телятова тұратын пәтеріне ақы төлемес үшін саяжай қоғамдастығында қарауыл екен. Сондай-ақ, ай сайын тұрғындардан электр жарығының ақшасын жинайтын контроллер болып істейді. Айлығы 20 мың болса, көпбалалы ретінде ай сайын 10 мың теңге алады. Алайда бұл ақша ішіп-жемге жетпейді дейді.
Светлананың айтуынша, тұрып жатқан үйлері қыс айына мүлдем дайын емес екен. Ал балаларының сабаққа баратын киімдері жоқ.
«Қанша жұмыс істесем де ақша жетпейді. Үлкен ұлым Данил 9 жаста, Артем 8-де, Ал үшінші ұлым Максимді мектепке дейінгі дайындық сыныбына бердім. Қызым Анастасия 4 жаста. Жаздай көкөніс сатып ақша таптым. Қыста қалай күн көретінімді білмеймін. Балаларға азық-түлік, киім-кешек керек. Көмек берушілер болса қарсы емеспін», – дейді Светлана.
3 жылдан бері бірге тұрып келе жатқан азаматтық некедегі күйеуі еңбекке жарамсыз екен. Балаларының әкесі болса, жұмыссыз болғандықтан алимент төлей алмайды. Отбасын бір өзі бағып отырған Светлана көпшіліктен көмек сұрайды.