$ 494.87  520.65  4.91

Мәдина Ералиеваның мәйітіне медициналық сараптама жасаған дәрігер 18 жылдан кейін таңқалдырған жайтты айтты

Жол апат кезінде әнші Мәдина Ералиеваның жанындағыларға соңғы айтқан сөзі «қарарсыңдар» болыпты. Өмірден үзіліп бара жатқанын сезген әнші тек сол сөзді айтуға жарап көз жұмған. «Ол сөзді неге айтты екен? Кімге айтты екен?»,- деп жорамалдаған жұрт жалғыз ұлы Әрсенді аманаттағаны десіп байлам жасады деп жазады kazakh-tv.kz.

«Жұмыс барысында мамандығым  патологанатом болғасын жансыз Мәдинаның мәйітіне мен медициналық сараптама жасап, қортындысын жазып бердім», – дейді 18 жылғы бұрынғы оқиғаны есіне алған Байқоңыр сот-сараптама орталығының жетекшісі  Мағауия Бөкешов.

«Жұмыс барысында күнде, күнара қаншама адамға сараптама жасаймыз ғой. Бірақ Мәдинаның қос өкпесі өзге ағзалардан кішкентай ғана болып шықты. Таң қалдым. Енді әр адамның анатомиясы әртүрлі ғой, дәрігер ретінде айтарым әдетте әншінің өкпелерінің  шағын не болмаса үлкен болуы ән айтқанына байланысты емес. Ол ауыз қуысындағы дыбыс шығару жолдарына қатысты. Сараптама қортындысына «автотрамва» деп қортынды жаздым. Маған да оңай болмады. Мәдинаны кім танымайды дейсің?! Туыстары мәйітін алып бара жатқанда іштей  «иманды болсын» деп көз жасымды сығып мен де  қала бердім.

Нұрлан Қазиұлы   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары