$ 487.37  532.94  5.09

Теміртауда кілемге оралған әйелдің мәйіті табылды

Теміртау қаласында бөтелкелес әйелді өлтірген жиырма бес жастағы жігіт ұсталды. Жазадан құтылғысы келген ол мәйітті кілемге орап тастап кеткен деп жазады sputniknews.kz

Кезекші бөліміне түскен хабардан кейін полицейлер қалалық трансформаторлық станция маңынан әйел адамның денесін тапты. Мәйітті қарап шыққан сарапшы әйелді қылқындырып өлтірген деп қорытынды шығарды.

Әйелдің жанында ешбір құжаты болмағандықтан, жедел қызметкерлердің ісі біршама қиындады. Оның кім екенін анықтау үшін бірнеше сағат кетіпті.

Әйелдің көршілері полицияға хабарлағандай, кеше ол үйінде қонақтармен бірге ішімдік ішкен көрінеді. Сонымен бірге, күдіктінің түр-сипаты анықталып, кейінірек өзі де қолға түсті. 25 жастағы жігіт көп созбай, қылмысын бірден мойындап, таныс әйелді буындырып өлтіргенін айтып берді. Ішіп отырған кезде арада кикілжің туындап, арты төбелеске ұласса керек.

"Қылмыс жасағанын түсінген ер адам ізін жасыру үшін мәйітті сыртқа шығарып, көшеде тастап кеткен", — деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендей, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ұсталған азамат тергеу шаралары аяқталғанша қамауда болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары