$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанға дұға етуге келген бойжеткенді белгісіз біреу зорлап кетті (ВИДЕО)

Түркістанда мешіттің алдында тапа тал түсте жас қызға әлдекімдер зорлық көрсетті. Киелі жерге дұға етуге келген бойжеткенді белгісіз біреу ұрып-соғып, ұялы телефоны мен алтын бұйымдарын тонап кеткен деп жазады NUR.KZ.

Сұмдық жағдай 4-ші қыркүйек күні сағат он екілер шамасында болған. Белгісіз азамат Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында бойжеткеннің ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткен. Осы кезде бойжеткен ұрының артынан ұзақ жүгіріпті.Ақыры шаршаған соң, артқа қайтар жолда телефонын алып қашқан жігіт жас қызды сайға қарай сүйреп, арам ойын іске асырған.

«Мен телефонмен сөйлесіп келе жатқам. Осы кезде біреу телефонымды жұлып әкетті. Ұрының артынан жүгіріп шаршап кеттім. Кейін артқа қарай жүріп бара жатқан кезімде, ұры жігіт мені сайға қарай сүйреп кетті. Сол жерде ұрып-соғып, шешіндіріп тастады», -деп жылап жіберді зорлық көрген бойжеткен.

Бет аузы қанға боялған қызды көрген куәгерлер бірден жедел жәрдем шақыртқан. Ауруханаға жеткізілген жәбірленушіге дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бет-аузын тігіп берді.Оқиға орнына келген полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тапа тал түсте мешіттің алдында жас қызға зорлық көрсеткен азамат іздестірілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары