$ 481.84  531.33  5.07

«Прокуратура мен полицияны сатып алғам»: Шымкентте пәтерін жезөкшелерге өткізетіндер қоқан-лоқы көрсетуде

Шымкентте жезөкшелерден мезі болған тұрғындар шағым айтты. Қаланың қақ ортасындағы Төлеген Айбергенов көшесін жағалай тұрып, пәтерлерін жалға беретіндер клиенттерге жеңіл жүрісті қыздарды да ұсынады екен. Салдарынан, орталықта тұратындар олардың артынан қалатын ішімдік бөтелкелері мен мүшеқаптан аяқ алып жүруден қалған. Ар-ұяттан безгендерге қарсы қанша шағым айтып, арыз жазғанымен тосқауыл болар бірде бір мекеме болмай тұр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазақтың көрнекті ақыны Төлеген Айбергенов атындағы көшедегі үйлер соңғы 5 жылда жезөкшелердің ордасына айналған. Пысықайлар кезінде мұндағы үйлерден көптеп пәтер алып, оларды сағаттап жалға беруде. Қазір әр подъезде 5-6-дан жалдамалы пәтер бар. Және әрқайсынан күндіз-түні бөтелкенің сылдыры мен сылқымдардың ыңғайсыз дыбыстары естілуде. 

Ал түнгі серуеннен ауланы қоқыс басқанын айтпаса да түсінікті. Бүлдіршіндер болса мүшеқапты шар деп үрлеп, ересектердің есін шығаруда. Әбден мезі болған жұрт ескерту жасап, келімсектермен өзінше күресуге көшкен. Тек пәтерді жалға берушілер мен алушылар қазір жұртты ашық қорқытуды шығарыпты 

«Бала-шағаңды ойласаңдар менің жұмысыма кедергі болмаңдар деп айтады. Прокуратураны сатып алғам, полицияны сатып алғам, олар маған жұмыс істеуге рұқсат берді, сендер кімсіңдер деп қоқаңдайды», - дейді Мария Байдулла есімді тұрғын.

Мұндай көріністен әбден шаршаған ел соңғы үш жылдан бері әкімдіктен бастап, полиция, прокуратураға шағымданумен келеді. Тек шенді мен шенеуніктен пайда шамалы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары