$ 498.34  519.72  4.85

Қоғамдық кеңес жемқорлыққа жол бермеу жайын талқылады

Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында облыстық маслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдехановтың басшылығымен департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. 

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ө.Мелдеханов қатысушыларға ҚР Президентінің 2014 жылдың 24 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» негізгі бағыттарын таныстырып, мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында партия тарапынан қабылданған шараларды жеткізді.

Кадр жұмыстары бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.Бейсембаев департаментте және оның құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерді Кеңестің төрағасына жеткізді.

- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін біз әрбір қызметкермен жеке жұмыс атқарамыз. Сыбайлас жемқорлықпен күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар жүргізу тиіс, тек қана бірлесіп атқарған жұмыс жоғары көрсеткіштерді көрсетеді,-- деді Аманбек Алтынбекұлы.

Қалалық, аудандық бөлімшелерінің бастықтары өз сөздерінде тек қана мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күштерімен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкін еместігін, бұл тұрғыда әрбір қызметкердің нақты позициясы керектігін атап өтті. 

Отырыстың жұмысын қорыта келе, Қоғамдық кеңестің төрағасы Ө.Мелдеханов департаментте қызметкрлердің арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде қыруар жұмыс атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол департамент қызметкерлерінің намысты, адам өмірін құтқаруға арнаған өз істеріне адал екендіктерін айтып өтті.

- Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық фактілеріне қарсы тұру керек, - деді Кеңестің жұмысын нақтылаған Өмірзақ Пердебекұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары