Отырар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Жиынға аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Жүніс, Сырдария аймағы бойынша мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының кеңесшісі Б.Халмурадов, аудандық ҚСжАЕЖКБ-ның заңдылық қадағалау бас маманы Н.Тұрғынов және жергілікті құқық қорғау органдары мен БАҚ-ның өкілдері қатысты.
Басқарма алты айда салық төлеушілермен 26 кездесу, құқық қорғау және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 3 «дөңгелек үстел», 6 «Ашық есік күнін» және 24 оқытып-түсіндіру жиналыстарын өткізген.
«Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі өз баяндамасында 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламасының жемқорлыққа қарсы құқықтық базаны жетілдіру, құқық қорғау органдарының жедел-қызметін күшейту, азаматтық қоғаммен ынытмақтастықты нығайту, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, халықаралық ынтмақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын атап өтті.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа жол берудің аяғы немен аяқталатының, оның зардаптары қандай болатындыңын айқындайтын арнайы дайындалған 2 бейнеролик көрсетілді.
Жиын соңында жергілікті мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары және «Нұр Отан» партиясы өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.