$ 443.85  474.3  4.8

Айыппұлдан түскен қаражатты иемденгісі келген

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заң және салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің бас маманы Р.Әдетбековті А.деген азаматтан 56 мың теңге пара алды деген күдікпен ұстады.

Р. Әдетбеков А.деген азаматтың мемлекет бюджетіне бұрын төленген 113 400 теңге айыппұлын кері қайтарып беруге ықпал жасаймын деп, оның қызметіне аталған сомманың тең жартысын сұраған. 

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №97 бұйрығына сәйкес, 2010-2014 жылдар аралығында төленбей қалған айыппұлдар мен айыпақылар есептен шығарылған болатын. Сондай-ақ, егер азаматтар білмей төлеп қойған жағдайда, қаражаттар кері қайтаруға жатады.

Қазіргі таңда, Р.Әдетбековке қатысты ҚР ҚК 366-бабы 1-бөлігінде көрсетілген қылмыс бойынша күдікті ретінде танылып, оған қатысты Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасының санкциясымен «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетеік, департаментке 6 айдың көрсеткіші бойынша сыбайлас жемқорлық санатына жататын 128 ісқұжат тіркелген болса, оның ішінде, «Пара алу» дерегі бойынша − 32 іс келіп түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары