$ 498.34  519.72  4.85

Таразда 23 жастағы жігіт қаза тапқан төбелес видеокамераға түсіп қалған (ВИДЕО)

Таразда 23 жастағы жігітті өз достары тепкілеп өлтірген. Төбелес болған сәт бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты.

Белгілі болғандай, оқиға 2 қыркүйекке қараған түні Тараздағы кафелердің бірінің алдында болған. Шамамен таңғы сағат 04:30-да жас жігіттер өзара төбелескен. Бейнебақылау камерасына бірнеше ер адамның біреуіне жабылып жатқан сәті түсіп қалыпты. Басынан алған ауыр соққыдан жас жігіттің құлап, қимылсыз қалғанын көруге болады. Достары оны қолынан сүйреп алып кетіп, кейін ауруханаға жеткізген екен. Алайда, марқұм есін жимастан бақилық болып кетті.

Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, кісі өлтірді деген күдікпен 21-22 жас аралағындағы үш бала ұсталыпты. Үшеуінің де түрі бейнебақылау камерасына анық түсіп қалған дейді полицейлер. Бұл видеоматериал қылмыстық іске тіркелген.

Ал, дәрігерлер болса марқұмның миына қан құйылып, жабық бас сүйек жарақатын алғанын айтып отыр. Өлімі де осыдан болған.

Қайтыс болған Дархан Құрмашев отбасындағы жалғыз ұл. Ол екі жыл бұрын үйленген екен, артында әйелі мен кішкентай қызы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары