$ 446.49  475.38  4.79

«Жауап беруге бара жатырмын»: Томирис Байсафаның анасы әділетсіздікке ашынды

Мәскеуде университет ғимаратының төртінші қабатынан құлап қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова әділетсіздікке ашынды. Ол қызының өліміне қатысты істе әділдікке әлі де жете алмай келе жатқанын желідегі парақшасына жазды.

«Менің арманым мен жоспарларым көп еді. Бірақ бір сәтте-ақ қара жауыз келіп, барлық армандарымды жоққа шығарды. Оған қоса, істеген ісі үшін өзіне ештеңе болмайды деп ойлайды. Мен өмірден қарт адамдардың кететінін түсінемін. Ата-анам мәңгі өмір сүрмейді. Оны білемін. Біреуді көлік қағып, суға батып кетуі де мүмкін. Төбелестің арты да қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Жолдан өткен кезде де абай болу керек. Бірақ күндізгі сағат 12:00-де оқу орнында өзің сенетін адаммен сөйлесіп тұрып өліп кетуің мүмкін екені ақылыма сыймайды. Қанша ойласам да мұны түсіне алмаймын. Ол ғана емес, бұл іс үшін жауапкершілікке тартылмауды да түсінбеймін», – деп жазды Жанна Ахметова өзінің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, осы іске қатысты жауап беруге бара жатқанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары