$ 445.66  474.58  4.78

Бейсен Құранбек: «Жақындарымның көңілін қалдырдым»

«Қарекет» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек қамшының сабындай ғана өмірде көп адамның көңілін қалдырып, өзін «жұмысбастымын» деп ақтап алып жүргенін жазды. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол туыстары, достары мен жақындарынан кешірім сұрады.

«Аптасына бір xабар жасаудың өзі оңай еместігін телеарнаның айналасында жүрген адамдар жақсы біледі. Ал 4-5 xабар дегеніңіз, бұл – денеге де, жүйкеге де ауыр салмақ. Оның үстіне қиын тағдырлар туралы қиналмай айту жүрегі бар адамға мүмкін емес.

Неге екенін білмеймін, кешірім сұрағым келді. Қарбаласпен жүріп, талай жақын адамымның, достардың, туыстардың, таныстардың көңілін қалдырдым. Қуанышына бара алмадым, қайғыда қасында бола алмадым, тіпті туған күндерінде қанша адамға телефон да шалмадым...

Қазір ойлап отырсам, соның бәрінде өзімді «жұмыстан қол босамай жатыр ғой» деп ақтап алыппын. Көңіл дейтін өте нәзік, адам деген өте қымбат, өмір деген өте қысқа дүние екенін ұмыта жаздаппын... Кешіріңіздер!», – деді ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Ал желі қолданушылары тележүргізушінің бұл сөзіне қосыла кетті. «Ой саларлық жазба» екен деп жатыр.

«Иә, аға! Кейде жұмыстан да маңызды дүниелер бар. Отбасыңа, туған-туыс, бауырларыңа, достарыңа көңіл бөлу деген сияқты. Ең бастысы бас аман, деніңіз сау болсын! Сәттілік!», «Керемет соны сезіну жазудың өзі», – деп пікір қалдырды оқырмандары.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары